«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРЫҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
  КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АРЫКТЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылында Арықты орта мектебінде күзгі демалыс уақытында жүргізілген іс-шаралар туралы есеп

2020-2021  оқу жылында  Арықты орта мектебінде күзгі демалыс

уақытында жүргізілген  іс-шаралар туралы есеп

Күзгі демалыс-мектеп өмірінің қанық, жарқын және ұмтылыс кезеңі.  

Бұл балалар үшін оқу  ісінен  демалуға,  жаңа оқу тоқсанына қуаныш, жақсы көңіл күй мен сергектік қуатын алуға мүмкіндік. Күзгі демалыстардағы  іс-шаралар  «Мәңгілік ел»  патротық  актісін іске асыру  шеңберінде жүргізіледі.  Арықты орта мектебінің  білім алушылары күзгі демалыс уақытында  қызықты іс-шараларға  жұмылдыру мақсатында мектеп қабырғасында төмендегідей іс-шаралар өткізілді. 5-13 қараша аралығында  А.Ж.Кожагулованың  ұйымдастыруымен "Мотивациясы төмен балалармен жұмыс" тақырыбы бойынша

 1 сынып оқушыларымен жұмыстар жүргізілді.

 6 қараша күні,  А.К.Бекжанова 5 "б" сыныбымен "Ауылдық округіне саяхат" атты кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізді.

8  қараша күні  3 "Ә"сыныбы  мектептің   кітапханасына барып, электрондық кітабымен танысты.

 7 қараша күні  Аудандық күзгі демалыс күнтізбелік-тақырыптық тұжырымдасына  сүйене отырып, 5 қараша күні "Еріктілік" бағыты бойынша  

"Жас ұлан"ұйымы және аға тәлімгер И.К.Жанмолдина "Асар челленджі" атты мұқтаж адамдарға қол ұшын беру жұмыстары жүргізілді.

Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың мамандық таңдау, мамандықтың еңбек  қызметінің негізгі бөлігі екенін түсіндіру; Мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу мақсатында білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру  жұмыстары негізінде  7 қараша күні  "Кәсіптік бағдар беру" бағыты бойынша  "Қазақстан  университеттеріне виртуалды саяхат" атты "ZOOM" платформасы арқылы 9-11 сынып түлектері жане Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к,  археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ү.Ұ.Үмітқалиұлымен кездесу өтті.

  9 қараша күні "Азаматтық-патриоттық" бағыты бойынша Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту мақсатында  оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу мақсатында "Қазақстан-менің  Отаным" атты онлайн сурет көрмесі өтті.

13 қарашада технология пәні мұғалімдері: Тұрсын Хуанар және Мәсен Бақытгүл "Сәнді-қолданбалы  өнер" бағыты бойынша  отбасы күніне байланысты отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым-қатынасқа үйрену  "Отбасылық шеберхана" атты ата- аналардың шеберлік сыныбы шарасы өткізілді.

Мектеп оқушылары Қорғалжын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұймдастыруымен өткен "Дарындылар әлемі" атты онлайн байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 

       

Жаңартылған күні: 16.11.2020 17:45
Құрылған күні: 16.11.2020 17:45

Текст