«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРЫҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
  КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АРЫКТЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің жарғысы

« Арықты орта мектебі»

 мемлекеттік мекемесінің

 

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Жалпы ережелер
    1. «Арықты орта мектебі»  мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, білім функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған, мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
    2. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қорғалжын ауданының әкімдігі болып табылады.
    3. Мемлекеттік басқару органы (бұдан әрі өкілетті орган) Қорғалжын ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып саналады.
    4. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: « Арықты орта мектебі»  мемлекеттік мекемесі.
    5. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: индексі 021306, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты ауылы, Ленин көшесі, 24.
  2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
    1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.
    2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.
    3. Мемлекеттік мекеме  белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға құра алмау, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.
    4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшаға жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша уәкілетті органы жауаптылықта болады.
    5. Мемлекеттік мекеме жасататын азаматтық – құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.
    6. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады.
  3. Мекеменің қызмет түрлері мен мақсаттары
    1. Мемлекеттік мекеменің басты міндеті – ғылым мен тәжірибе жетістіктері, ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде жеке тұлғаны дамыту мен кәсіби қалыптастыруға бағытталған білімді алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
    2. Мемлекеттік мекеменің басымдық берілген міндеттері болып табылатындар:
      1. Жалпы білім беретін бағдарламаларды меңгеру үшін жағдай жасау;
      2. Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, жеке даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы мейірімділіктің және салауатты өмір салтының негізгі түрлерін қалыптастыру;
      3. Азаматтылық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерге бас июге, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
      4. Республиканың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу, жеке тұлғаға қатысты өз құқықтары мен міндеттеріне саналық таныту қажеттілігін қалыптастыру;
      5. Әлем және отандық мәдениеттің жетістіктерімен танысу, қазақ және республикадағы өзге халықтар тарихын, салттары мен дәстүрлерін үйрену, мемлекеттік, орыс, шет ел тілдерін меңгеру;
      6. Мемлекеттік мекеменің автономиялығын, дербестілігін кеңейту, білім мен басқаруды демократияландыру және орталансыздандыру;

 

  1. Оқытудың, білім беруді ақпараттандырудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ауқымды коммуникациялық жүйелеріне шығу;
  2. Білім беру сапасын көтеру үшін ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану;
  3. Білім берудің әртүрлі және жартылай функционалды ұйымдарын тиімді дамытуға ықпал ету.
  4. Қызмет түрі: Жалпы орта білім беру аясында қызметін жүзеге асыру.
  5. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекемені құру мақсатына сай емес қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
  6. Мемлекеттік мекеменің медициналық кабинеті бар (дәрігерлік көмекке дейін алғашқы медициналық көмек көрсету).
  7. Мемлекеттік мекеме ұжымдық басқару органдарын құруға құқылы,соның ішінде қамқоршылық кеңесін де. Ұжымдық орган мүшелерінің өз қызметтерін орындаулары ақысыз негізде жүзеге асырылады.

4.Мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі

  1. Оқушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау кезінде, соңғысы оны және оның ата – анасын немесе өзге заңды өкілдерін мемлекеттік мекеме Жарғысымен, білім беруді жүргізуге құқық беретін лицензиясымен және оқу  - тәрбие жүйесін ұйымдастыру және қабылдау тәртібін реттейтін өзге құжаттармен таныстыруға міндетті.
  2. Ата  - аналар дәрігерлік педагогикалық комиссия, жасөспірімдер жөніндегі комиссия шешімі негізінде балаларды үй жағдайында оқыта және тәрбиелей алады, мектеп педагогика қызметкерлерінің ұсынуымен көмек көрсетеді.
  3. Бес (алты) жастағы балалардың мектеп дайындығы жалпы білім беру бағдарламасы ауқымында болу міндетті. Мемлекеттік мекемеде мектеп алдындағы дайындық тегін болып табылады.
  4. Мемлекеттік мекеме 1 – сыныпқа балаларды 6 немесе 7 жастан қабылдауды жүзеге асырады.Бастауыш білім беру ұйымының 1-ші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.
  5. Бастауыш білім беру ұйымының 1-ші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар,конкурстар жүргізілмейді.
  6. Мектепке жаңадан түсірушілерді қабылдау кез – келген уақытта жүргізіледі.
  7. Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

5.Мемлекеттік мекемеде білім беру жүйесін ұйымдастыру

  1. Мемлекеттік мекеменің барлық деңгейдегі оқу – тәрбие қызметі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жасалған оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, мұғалімдердің адами құндылықтарын өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушыларға қатысты дене, моральдік және психикалық күш көрсету әдістерін қолдануға жол берілмейді.
  3. Кәмелетке толмаған білім алушы ата – анасы немесе басқа заңды өкілдері білім беру жүйесінің барысымен және мазмұнымен, сонымен қатар білім алушылардың үлгерімі бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етіле алады.
  4. Тәрбие беру бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілерді, патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталады.
  • Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктерін тану, қазақ елінің және республикадағы басқа да халықтардың салттары мен дәстүрлерін, тарихын оқып тану; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін игеру;
  • педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеруді қамтамасыз ету;
  • қоғамның және экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білімнің ұлттық сапалық баға жүйесін дамыту.
    1. Жалпы білім беретін негізгі мектептегі сабақ ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар аралығындағы үзілістер ұзақтығы – 10 минут, үлкен үзіліс – 30 минут. І жартыжылдықта бірінші сыныптар сабағының ұзақтығы 35 минут. Күн сайынғы сабақ саны мен бірізділігі кестемен анықталады.
    2. Оқушылар білімі мынадай бағалармен бағаланады: 5 (үздік), 4 (жақсы), 3(қанағаттанарлық), 2 (төмен), 1 (өте төмен).  Жекелеген пәндер бойынша оқушылардың қабілеті мен танымдары «сыналды» немесе «сыналған жоқ» деп бағаланады.
    3. Оқушылар мінез-құлқы «үлгілі», «жақсы», «қанағаттанарлық» деп бағаланады. Сондай-ақ оқушылардың білімі және өндірістік еңбегі де бағаланады.
    4. Үй тапсырмасы оқушыларға оларды орындау мүмкіндігіне орай шектеледі: 2 сыныптарға 30 минутқа дейін, ал 3 – 4 сыныптарға 1 сағатқа дейін беріледі, 5 – 6 сыныптарға 1,5 сағатқа дейін, 7 – 8 сыныптарға 2 сағатқа дейін, 9 сыныпта 2,5 сағатқа дейін беріледі. 1 сыныпта үй тапсырмасы берілмейді.
    5. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады. 
      1. 1 – сынып оқушылары психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды;
      2. Бірінші сыныптың  бірінші жарты  жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
      3. 5 – 8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытындысы «3», «4», «5» деген бағаға аттестатталған  білім алушылар көшіріледі.
      4. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5»-ке қорытындыланған  5-8 , 10 – сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.
      5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін: негізгі мектепте (9-сыныптан кейін) – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында; жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
      6. 2 – 8 (9), 10 (11 ) - сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне байланысты  әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері ағымдағы бақылау жұмыстарын өткізеді.
      7. 5 – 8 (9), 10 (11) - сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
      8. 1–2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) - cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.
      9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2 – 4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады.  "3", "4", "5" бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
      10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) - сыныптардың білім алушылары сол пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі. 

Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.

Оқу жылының аяқталу тәртібін, оқушылар үшін бітіру және көшіру емтихандарын өткізу тәртібін өзгерту Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес енгізілуі мүмкін.

  1. Негізгі орта мектепті бітірушілер негізгі орта білімі туралы куәлік, орта мектепті бітірушілер жалпы орта мектеп бітіргендігі туралы аттестат алады.
  2. Оқыту тілі – қазақ тілі, сондай-ақ білімнің әр деңгейі үшін мемлекеттік жалпы міндетті стандарт бойынша шет тілінің бірін оқытуды қамтамасыз етеді.
  3. Нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік келісімге келмейтін және айрықшылықты насихаттау, милиттаристікті тарату және халықаралық құқық пен гуманизмнің принциптеріне қайшы келетін өзге идеялар  мемлекеттік мекемеде тыйым салынады.
  4.  
  • Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – 1 – 4 сыныптарда 4 жыл;
  • негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – 5 – 9 сыныптарда  5 жыл;
  • жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі 10 – 11 сыныптардағы жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – 2 жыл.

5.14. Мемлекеттік мекемеде оқу жылы 1-қыркүйектен басталады. 1 сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасын, 2 – 11 сыныптарда – 34 аптаны құрайды.

Демалыс мерзімдері жоғары тұрған ұйымдар келісімі бойынша және мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

  • 1 сыныптың оқушылары үшін 3 тоқсанда -1 апта қосымша демалыс беріледі;
  • оқу жылында  1 – 11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды;
  • оқу жылының ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде;
  • қоңырау кестесін, сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді;
  • оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі. Көшірілетін мерзімін мектеп педкеңесі анықтайды;
  • 9,11 сыныптарда сыныптан сыныпқа көшіру қорытынды аттестация негізінде жүзеге асырылады.
  1. Көшіру (мерзімі мен пән санын мектептің педагогикалық кеңесі анықтайды).
  2. Бітіру емтихандары (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нұсқауы мен бұйрығы негізінде анықталады).
  • Оқу пәндері бойынша үлгермейтін, себепсіз сабақ босатқан, тәртіпті бұзған оқушылармен әңгімелер өткізіледі және жоғарғы сыныптар кеңесінде мектеп кеңесінің жиналысында, аудандық кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия отырысында тәртіптік жазалар қабылданады.

 

Мектеп жанындағы мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеушілердің күн тәртібіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Күн тәртібі физиологиялық-гигиеналық талаптардың негізінде ұйымның сауықтыру және оқу-тәрбие жұмыстарын есепке ала отырып құрылуы керек.

Күн тәртібіне оқу және оқудан тыс сабақтар, таза ауада көп уақыт болатын күндізгі демалыс, тамақтану, ұйқы және әртүрлі жұмыстарды кезектестіру, демалысты ауыстыру кіруі керек.

Күн тәртібінде, күннің екінші жартысында түскі астан кейін 1 – 1,5 сағат ұйқыға арнайы уақыт бөлінуі керек.

Тәрбиеленушілерді бір күнде екі немесе одан да көп ұйымдастырған шараларға, ыстық тамақтарды тарату жұмыстарын атқару үшін пайдалануға және оларға ыдыстарды жудыруға болмайды.

Дене шынықтыру тәрбиесі мыналарды қарастырады: таңғы гимнастика, оның ішінде практикалық-гигиеналық шаралар.

Мектеп жанындағы мектепке дейінгі мекемеде гигиеналық тәрбие берудегі

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдардағы медициналық қызметкердің басшылығымен жұмыс істейтін санитарлық белсенділер құрылады. Санитарлық белсенділер тәрбиеші қызметкерлердің қадағалауымен тәрбиеленушілердің қолы мен киімінің тазалығын, бет орамалдарын, оқу және ойын бөлмелердің санитарлық тазалығын жүйелі түрде тексерулері тиіс.

Тәрбиеленушілерді гигиеналық тәрбие бойынша оқыту және осы бойынша жұмысты медициналық қызметкерлер, салауатты өмір салты орталығының, медициналық ұйымдардың, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қызметкерлерінің қатысуымен мұғалімдер мен тәрбиелеушілер жүргізуі керек.

  1. Мемлекеттік мекемеге құрылтайшы бекіткен меншік объектілерін пайдалану тәртібі
    1. Бар материалдық база:
  • Оқу кабинеттері
  • Буфет (асхана)
  • Кітапхана
  • Спорт залы
  • Оқу шеберханалары
  • Еңбек қызметін көрсететін кабинеттер
  • Медициналық кабинеті
    1. Объектілер оқу сабақтарын және сыныптан тыс шараларды өткізу үшін пайдаланылады.
  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландырудың тәртібі
    1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
    2. мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі болады және мемлекеттік меншікте жатады.
    3. Егер  мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.
    4. Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.
    5. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.
    6. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
    7. Ұжымдық органдар қызметін қаржыландыру – демеушілік және қайырымдылық көмектері, қайтарымсыз төлемдер және құрбандық, гранттар арқылы жүзеге асырылады.
  1. Мемлекеттік мекемені басқару
    1. Мемлекеттік мекемедегі жалпы басқаруды заңнамаға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.
    2. Уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:
      1. меншікті  мемлекеттік мекеменің атына бекітеді;
      2. Мемлекеттік мекемені ұстауға (шығындар жоспары) сметаны бекітеді;
      3. Мемлекеттік мекемеге берілген мүлікті тиімді пайдалану және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      4. Мемлекеттік мекеме Жарғысын бекітіп, жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
      5. Мемлекеттік мекемені басқарудың өкілді органдарының құрылымы,  құрылу тәртібін және мерзімін анықтайды;
      6. Мемлекеттік мекеме басшыларының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны қызметтен босату негіздерін анықтайды;
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
      8. Мемлекеттік мекеме бастығының ұсынуымен  директордың орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9. жылдық қаржы есебін бекітеді;
      10. заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    3. Мемлекеттік мекеменің басшысын (директоры)  заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    4. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады.
    5. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзіретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.
    6. Мемлекеттік мекеменің басшысы  мемлекеттік мекеменің  қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1. Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2. барлық ұйымдарда  мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
      3. заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
      4. шарттар жасасады;
      5. сенімхаттар береді;
      6. Мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      7. Банктерде счет ашады
      8. барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      9. орынбасарларды (оқу ісінің меңгерушісі) уәкілетті органдармен келісіп қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10.  мемлекеттік мекеменің уәкілетті  органы тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне  көтермелеу шараларын қабылдайды және жұмыстан босатады;
      12. өзінің орынбасарының (орынбасарларының ) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерінің шеңберін белгілейді;
      13. Өзіне заңдарда, осы Жарғыда жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    7. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 44 бап 9 тарауына сәйкес мемлекеттік мекемеде мекемені басқарудың коллегиялық түрі болып табылатын қамқоршылық кеңес құрылады. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, құрылымы және функциялары Қамқоршылық кеңес туралы Ережемен бекітіледі.
    8. Қамқоршылық кеңес білім мекемесінің Жарғысы негізінде және кеңес ережесімен заңды тұлға мәртебесінсіз жүзеге асырылады.
    9. Қамқоршылық кеңестің мақсаты– білім мекемесінің дамуына бірге әрекет ету, оның аудан аумағындағы қолданыстағы басқа ұйымдармен байланысын күшейту, материалдық және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту көздерін пайдалану.
  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері
    1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер құқылы:
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға.
    1. Мектеп оқушылары міндетті:
  • мектеп бағдарламасы мазмұнына және белгіленген талаптарға сәйкес берілген білім мен тәжірибені ұтымды пайдалануға;
  • мектептегі бекітілген тәртіп пен ережелерді ұстануға;
  • жас ерекшелігіне, жынысына, физикалық мүмкіндіктеріне, гигиена талаптары мен нормаларына сәйкес, өзіне - өзі қызмет көрсету және басқа қоғамдық  пайдалы жұмыстарды орындау, әр түрлі жұмыстар атқару барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, ұстану;
  • жасты балалар мен өздерінен үлкендермен араласуда қоғамдық тәртіпті ұстануға міндетті;
  • білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті, хиджаб киюге тыйым салынады;
  • мектеп ғимаратында, оқу кабинеттеріндегі құрылғыларды, мектеп жиһаздарын ұқыпты пайдалану.
  1. Оқушылардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттері
    1. Балалардың ата-аналарының (оларды алмастырушылар) міндеті:
  • өз балаларының оқуы мен тәрбиесіне жауап беруге;
  • балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой -өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
  • мектеп қызметкерлерімен, сынып жетекшілермен тығыз қарым-қатынаста болу, баласының мектептегі жағдайы туралы толық ақпарат алуға; 
  • балаларының  сабаққа қатысуына толық жауапты;
  • ҚР заңына сәйкес, балалардың мектептегі уақытында құқық бұзушылықтары үшін жауапты;
  • баласының мектеп мүлігіне әдейі келтірілген зияны үшін жауапты;
  • Мектеп Жарғысы талаптарын ұстануын қолдау.
    1. Оқушыларға, тәрбиеленушілерге және олардың ата-аналарына, басқа да заңды өкілдерге білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен бекітілген тиісті әсер ету шаралары қолданыла алады.
  1. Мұғалімдер мен сынып жетекшілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
    1. Мұғалімдер құқылы:

11.1.1. тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі;

11.2. Педагог қызметкер құқылы:

  1. кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
  2. ғылыми - зерттеу, тәжірибелік - эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
  3. жеке педагогтік қызметке;
  4. тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
  5. білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
  6. ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
  7. санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
  8. педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;
  9. өзінің кәсіптік ар – намысы мен қадір  - қасиетінің қорғалуына;
  10. әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
  11. ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
  12. білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар;
    1. Педагог қызметкер міндетті:
  1. өзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
  2. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметкерлерінің сапасын қамтамасыз етуге;
  3. білім алушыларды жоғары имандылық, ата – аналарына, этномәдени құндылықтарға қызмет  көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
  4. білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
  5. өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
  6. бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
  7. педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
  8. оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата – аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті;

Өзінің лауазымына сәйкес еместігі, біліктілігінің  сай келмеуі, сонымен қатар педагогикалық әрекетін жалғастыруға, заңға қайшы келетін әрекеттері үшін педагог жұмыстан босатылады; Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

11.4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

11.5. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай – ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.

11.6. Педагог қызметкерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу пиғылымен пайдалануына тыйым салынады:

  1. Еңбек қатынастары
    1. Мемлекеттік мекеме қызметшілері мен әкімшілік арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
    2. Мемлекеттік мекеменің еңбекақы қоры уәкілетті органмен еркін қаржы балансында белгіленеді.
    3. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі қолданылып жүрген заңға сәйкес кепілдемені ескерумен белгіленеді.
  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және жою
    1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 15.03.2019 11:01
Құрылған күні: 15.03.2019 11:01

Текст