«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРЫҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
  КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АРЫКТЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы

Арықты орта мектебінің 2018-2019 оқу жылының

І тоқсан бойынша өткізілген  тәрбие жұмыстарының есебі

 «Ғасырларға мақсат қойсаң, Ұрпақ тәрбиесімен айналыс»-деп халық даналығы айтқандай еліміздің ертеңі-бүгінгі жастар екені белгілі.

 Елбасымыз Н .Ә.Назарбаев халқымыздың алдында «XXI ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген,жан-жақты мәденетті,сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу керек »,-деп жауапты міндет қойып отыр.Бұл ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында дегенді білдіреді. Олай болса оқушының жеке бас қасиетінің шағын шеңберін кең көлемде қамтитын мына біздерміз!

Тәрбие жұмысының мақсаты:  Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілген.

  1. Қазақстандық патриоттизм және азаматтық, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Ұлттық тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
  7. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие.
  8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мектепте 167 оқушы, 1-11 сынып аралығында 17 сынып комплектісі бар,

10-11-сыныптарда барлығы 14 оқушы оқиды, даярлық сыныбы - 2.

Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді.

Азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру барысында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары  атқарылды.

 «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өткізілді. 5-8 сыныптарда «Өмірдің қауіпті өткелдері және оны жолдары» атты сынып сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптарда «Зорлықсыз әлемді бірге құрайық!» сынып сағаттары өткізілді.

6-8  сыныптарда  «Мен және менің құқығым»,  «Ата Заңым – ардақтым» «Ерлік-ел мұраты»,атты тәрбие сағаттары өткізілді.

16 ші қазан  күні аға инспекторы полиция капитаны О.Даулетов келіп, «Отбасындағы қолайсыздық және құқық бұзушылық пен суицидтің негізгі себептерін  алдын  алу»  осы тақырыпта  6-11 сынып оқушыларымен әңгіме өткізіп, видео-ролик  көрсетті

Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру барысында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды. Ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту, өз құқықтарын мен міндеттерін біле келе жауапкершілікті сезіну, өз Отанының патриоты болуға тәрбие беру міндеттелді.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша негізгі міндеті адамгершілік мінез-құлық әдеттерін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Қамқорлық акциясының есебі 2018-19 о.ж

Биылғы оқу жылына қарсы « Мектепке жол» атты қамқорлық акциясы болды. Осы акцияға ауылдың мектеп ұстаздары,аудандық маслихат хатшысы, ауыл мешітті бірігіп, 1 сынып оқушыларына  Сағындық Камилаға, Голикова Аленаға, Гомонюк Германға қол ұшын беріп, ата – аналарына мектепке арналған киімдер және кеңсе тауарларын алуға көмектесті.                

Мектепте 1-қазан қарттар күніне «Қарттарым аман саумысың!?» тақырыбында ауыл қарттары мен зейнеттегі ұстаздарды мектепке шақырып мерекелік концерт ұйымдастырылды. 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты мерекелік концерт өткізілді.

 

Оқушыларды қайырымдылыққа, адамгершіллікке , жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне , мейірімділікке, тәрбиелеу мақсатында 1-4 сыныптарда «Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?», 5-8 сыныптарда «Рухани бай адам ол қандай болмақ?», 9-11 сыныптарында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Отбасы тәрбиесінің міндеті балалардың өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру.

Осы бағыт бойынша мектепте көзделген төмендегі іс-шаралар іске асты,«Отбасы бақыт мекені» атты  ЭСЕЕ жазды.     

Ұлттық тәрбие. Қазақстан Республикасының 17- 26-қыркүйек аралығында  Тіл мерекесіне орай «Тілім менің тірлігім!»  атты онкүндіктің іс-шара жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі пән мұғалімдері ашық сабақтар беріп, сабақтан тыс іс-шараларың өткізді.

 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптасты.

Көкшетау қаласында  2018 -2019 ж оқу жылында өткізілген облыстық қазақша күрес сайысында 9 а сынып оқушысы  Төлеген Ерасыл қатысып, 1 орынға ие болды. Жетекшісі: Түсіпбеков М.Д.

Кенес Әмірхан 2018ж. қазан айында Қорғалжын ауданында өткен «Бес  асық» жарысында екінші орынға ие болды.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша негізгі міндеті адамгершілік мінез-құлық әдеттерін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 

Отбасы тәрбиесінің міндеті балалардың өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру.

Осы бағыт бойынша мектепте көзделген төмендегі іс-шаралар іске асырылды. Жаңа оқу жылына жалпы ата-аналар жиналысында келісім-шартқа қол қойылды.

5-8 сыныптарда «Халық даналығы – рухани байлық көзі», 9-11 сыныптарда Ұлттық идеология дамуының маңызды бағыттары болып саналатын өнер құралдары арқылы эстетикалық сана – сезім, көркемдік ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Ұлттық қолөнер туындылары – баға жетпес құндылықтарымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» күнін өткізіп, мектеп президентін етіп 10  «А» сынып оқушысы  Сатбекова Айдана сайланды.

 

«Қоқиқаз- 2018» Республикалық фестивалі 12.09.2018ж.  11 оқушы  дипломға марапатталды жетекшісі: Тұрсын Қуанар.

Айдарбеков Жалғас 4 сынып оқушысы  Облыстық «Жас барыс»  турниріне қатысып, I орынға ие болды.

26 қазан күні Республикалық «Жас барыс» жарысына 9 сынып оқушысы  Төлеген Ерасыл қатысып, I орынға ие болды, жетекшісі:Түсіпбеков Мурат Дуанбайұлы.

Дене шыңықтыру пәнінің мұғалімі Сатанов Аслан аудандық шахмат жарысында II орынға ие болды.

30 қазан күні Облыстық “Қазақша күрес” іріктеу жарысында Төлеген Ерасыл жүлделі I-ші орынға ие болды

Қорғалжын ауданында өткен “Бес асық” жарысында II орынға ие болды

Қараегін орта мектебінде өткен  Жас өспірімдер арасында «волейбол» жарысында III орынға ие болды.

Арықты орта мектебінде «Бокс» үйірмесі  ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республика Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық көшбасшылар арасында «Алтын сақа» атты ашық чемпионаты өтті, аталмыш іс шараға сегіз ауылдық округі қатысты.

“Алтын сақа” облыстық сайысында  1 орын алғаны  үшін  марапатталды

16 қараша күні Көкшетау қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебі ғимаратында өткен семинар

Щучинск қаласында өткен «Үздік кәсіподақ ұйымы -2018» атты сайысында

 III орынмен марапатталды.

   Аудандық «Асық ату» жарысында марапаттау

Қараегін орта мектебінде өткен  Жас өспірімдер арасында «волейбол» жарысында III орынға ие болды.

Арықты орта мектебінде «Бокс» үйірмесі  ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республика Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық көшбасшылар арасында «Алтын сақа» атты ашық чемпионаты өтті, аталмыш іс шараға сегіз ауылдық округі қатысты

 

 

Жаңартылған күні: 22.02.2018 16:33
Құрылған күні: 15.03.2019 11:56

Текст