Текст
Арықты орта мектебінде "Дәруменді тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында ыстық тамақтану бойынша аудандық семинар өтті. Қонақтар бағдарлама бойынша astau fest, қамқоршылық кеңесінің жұмыстары көрсетіліп, мектеп мұражайы және тамақтану мәдениетімен танысты. "Ас адамның арқауы" кітап, сурет, қолөнер көрмелері және болашақ асхана макеті мен тәттілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталмыш семинарға Қорғалжын ауданының әкімі Берік Амантаұлы, Аудандық Білім бөлімінің басшысы Омарова Сауле Қуанышқызы, Аудандық маслихат хатшысы Балғабаев Өмірбай Кәкімұлы, Арықты ауылының әкімі Омаров Асылхан Сатуринұлы және басқа да ауыл әкімдері мен мектеп директорлары қатысты.