Текст
25.01.2022
Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Шығармашыл" кәсіби қоғамдастығының "Өмірдегі қызықтың бәрі өнермен" атты тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Заманауи білімді игерген, өнерлі, шыныққан, дені - сау ұрпақ тәрбиелеу.
29.12.2021
Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің "Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының "Сандар сыр шертеді" атты апталығының жабылу салтанаты өтті.
24.12.2021
"Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының "Сандар сыр шертеді" апталығы аясында, оқушылар арасында "Мәңгі сөнбес жұлдыздар!" кеші өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға ақындардың өнерлері арқылы қазақ әдебиетінің жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдерін сараптай білуге үйрете отырып, олардың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту. Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
23.12.2021
"Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының "Сандар сыр шертеді" атты апталығы өтуде. 7-10 сыныптар арасында "Елім деп соққан жүректері..." атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: "Елін сүйген, елі үшін күйген, өмірі мен өнерін еліне баулыған тұлғалардың өмірлік жолдарын жаңғырту, өскелең ұрпаққа үлгі тұту, мақтаныш ету".
23.12.2021
"Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының "Сандар сыр шертеді" атты апталығы өтуде. "Ұлы тұлғалар" тақырыбында 1-10 сыныптар арасында газет қорғау сайысы өткізілді.
Мақсаты: Ұлы тұлғалардың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып, ой-өрісімізді кеңейту, сөз өнерінің мәребесін көтеру.
21.12.2021
"Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының "Сандар сыр шертеді" атты апталығы өтуде. Қажымұқан Мүңайтпасұлының 150 жылдығына арналған оқушылар арасында қазақ күресі өтті.
Мақсаты: Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ даласының батыры, дүниежүзі чемпионы, қазақ халқының маңдайына біткен тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны туралы таныстыру.
21.12.2021
"Өзгеріс" кәсіби қоғамдастығының "Сандар сыр шертеді" апталығы аясында Ерлік пен елдіктің өшпес рухы тақырыбында "Балапан" шағын орталығында сурет салу өтті.
Мақсаты: Бүлдіршіндерді қазақтың біртуар ұлы Исатай Тайманұлының өмірі туралы мағлұмат беру. Кешегі өткен ұлы батырлардың істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге ете отырып суреттеп беру.
10.12.2021
2021 жылдың 09 желтоқсан күні Қорғалжын аудандық "Жастар" спартакиадасы бағдарламасына сәйкес Қ.Р.Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған волейболдан оқушылар арасында өткізілген жарыста мектебіміздің оқушылары жүлделі 3-ші орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
10.12.2021
1 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Мажитова Ж.У. мектебіміздің мұражайына барып бүлдіршіндерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
10.12.2021
10 "А" сынып оқушыларымен "Біз тәуелсіз елміз" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.