Текст
Желтоқсан айының 13 күні "Арықты ауылының ЖОББМ" КММ -НІҢ аясында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Еңсесі биік - Қазақстан" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертке Арықты ауылының әкімі Мажитова Гульмира Зейнуллаевна қатысты. Концерт барысында Қазақ елінің тарихына көз жүгіртіп, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен әрбір азаматтың есімін ұлықтап, елдіктің, бірліктің және болашаққа деген сенімнің мәні жайлы сөз қозғалды. Іс- шара барысында шырқалған әрбір ән мен би, әрбір қойылым Қазақстанның ұлы жетістіктерін, ұлттық мұрамызды дәріптеді. Бүгінгі күн – тек өткенімізді емес, болашағымызды да ойлап, бірге қуанышқа бөленуіміз керек.