Текст
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-да
дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2025 жылдың 11 -
13 қаңтар аралығында аймақтық пәндік олимпиада өткізілді. Аталмыш олимпиадаға "Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ -нің 11 "А" сыныбының үш оқушысы: Келес Әбілмансұр физика пәнінен, Құрманбекова Ұлжан қазақ тілі пәнінен және Серікбай Жантөре география пәнінен, мектебіміздің шашбауын көтеріп қатысып, нәтижесінде Серікбай Жантөре қанжығасына 3 орынды байлады. Оқушымызды және жетекшісі Хажат Лизаны шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз. ҰБТ -де үздік нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!