Текст
04 маусым күні «Балдәурен» лагерінде рәміздер күніне орай «Бұл біздің Туымыз, Бұл біздің Елтаңбамыз» атты іс- шара квест ойыны түрінде өткізілді. Ойынның бұл түрі қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, мүмкіндіктерін көрсетуге арналған. Ойынның тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай өңделді. Ойынды бастамас бұрын еліміздің рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұраны) туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту мақсатында бейнефильм көрсетілді. Іс-шара барысында Отанына деген патриоттық сезімдерін, махаббаттарын, намысы мен жауапкершіліктерін арттыру көзделді. Ойынның тапсырмалары ойыншыларды достыққа және ұжымшылдыққа баулыды. Іс-шара сәтті өтіп, қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.