Текст
"Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балдәурен" жазғы лагері талапқа сай жоспар құрып, өз жұмысын жалғастыруда. Лагерьге барлығы 38 оқушы қатысып, ыстық тамақпен қамтылды. Мектебімізде оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан - жақты ұйымдастырылды.