09.06.2026
Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!
«Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
📅 Қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 маусымнан басталады.
👶 Кімдер қабылданады:
6 жасқа толған балалар;
Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар.
🌐 Өтініш беру порталдары (электронды түрде):
Құжаттарды келесі мемлекеттік қызмет көрсету порталдары арқылы тапсыра аласыз:
egov.kz – Электрондық үкімет порталы
oqu.edu.kz – Білім беру порталы
📝 Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші (электронды форматта);
Баланың туу туралы куәлігі (электронды форматта);
Баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у үлгісі);
Медициналық анықтама (№ 065-у үлгісі);
Баланың 3×4 өлшеміндегі фотосуреті – 2 дана.
📞 Анықтама телефондары:
Жұмыс телефоны: 8 (716-37) 42 6 10
WhatsApp желісі: +7 778 805 53 39
Балаңызды сапалы білім мен саналы тәрбие беретін алтын ұямызға күтеміз!
