4 желтоқсан сағат 09:15-те 2-сабақта орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сейсенова Г.А. 7-сынып оқушыларымен «Умники и умницы» атты сыныптан тыс сабақ өткізді.
Мақсаты: оқушыларда пәнге деген қызуғушылықтарын арттырып, өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
4 желтоқсан сағат 16:00-де тарих пәнінің мұғалімі Исабекова А.Ғ. ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары арасында «Тарихи марафон» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, зеріктігін тәрбиелеу.
5 желтоқсан сағат 16:00-де қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қошқарбаева Б.С. 6-сынып оқушыларымен «Абайды біл, таңырқа...» атты әдеби кеш ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, Абай ақынның даналығын, руасыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.
7 желтоқсан сағат 16:00-де орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қожағұлова Н.Ж. 5 «ә» сынып оқушыларымен «Поле чудес» атты танымдық ойын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.