2019 жылдың 13 сәуірінде Арықты орта мектебінде «Мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыру: өзгерістер мен нәтижелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыруды ұтымды тәсілдермен, мұғалімдердің эволюациясын және іс-әрекеттегі сабақты зерттеудің тиімді нәтижелерімен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Семинар «Тәжірибе галлереясы» тәжірибедегі қадамдардан басталды. Мектеп директоры Айгерім Серікбайқызы мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыруда «АDKAR» моделі арқылы мектепті басқаруда өте ұтымды екенін көрсетті. Мектептегі өзгерістер мен нәтижелер SWOT талдауда көрсетіліп, келесі мектепті дамыту жоспарына басымдылықтар анықталды. Тәжірибе галлереясында іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижелері, кәсіби қоғамдастықтағы мүғалімдердің эволюациясы, коучинг пен тәлімгерліктің нәтижесі және осы жұмыстардың желілік қоғамдастықта дамуы туралы «Даму командасы» өздерінің жұмыстарын қорытындылады.
Оқыту мен оқудағы 7 модульді ықпалдастыруда кіріктірілген сабақтар өткізілді.
«Жаңаша білімге- жаңаша көзқарас» және «Здоровые дети в здоровой семье, в здоровой школе» тақырыбында ата-аналар қоғамдастығымен бірлескен жұмыс өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілеттері мен ұсыныстары жоғары бағаланды. Дарынды және талантты балалармен «Үздіктердің үздігі» тақырыбында оқушылар өздерінің бойындағы қабілеттерін көрсетті.
«Lesson study» зерттеу кезеңі және сыныпта оқытуды жетілдіру арқылы оқушыны зерттеудегі фокус тобының жұмысы жоғары бағаланды. «Оқу үрдісіндегі модерация» тимбилдинг әдісі арқылы нәтижеге жетудің жолдары талқыланып, семинарға қатысушылар өздеріне көптеген мәлімет алды. Тәлімгер мен тәлім алушының сенімге бағытталған жұмысы мен «Көшбасшылық- білім алудың тиімді жолы» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. «Применение различных приемов в педагогической технике, с целью повышения творческого потенциала учащихся» тақырыбында желілік қоғамдастықтың жұмысындағы өзгерістер мен нәтижелермен бөлісті. Іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді жоспарлау және өткізу тренингін Көкшетау қаласы ПШО тренерлері Смаилова М.Е. және Мусина А.Д іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында білім басқармасының өкілі Даниярова Г.К. семинарды «Еркін микрофон» әдісі арқылы қорытындылап, жоғары баға берді.