«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРЫҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
  КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АРЫКТЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың ұлттық ойындары

13.10.2022

2022 жылдың 13 қазан күні Қорғалжын аудаңдық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, "Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің аясында Республика күніне орай, қазақтың ұлттық ойындары "Асық ату","Бес асық" және " Тоғызқұмалақ " ойындарынан жарыс өткізілді.
Ұлттық спортты дамытып, оқушылар арасында асық және тоғызқұмалақ ойындарын кеңінен насихаттау, облыстық біріншілікке аудан құрама командасын жасақтау мақсатында өткізілген жарысқа 10 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-ңің түлектері: Румыния қаласында өткен "Асық ату" жарысынан әлем чемпионы, алтын медаль  иегері Сарсеков Еркебай және "Асық ату" жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері Ташимов Сайлаубек "Асық ату" жарысына төрешілік етті. 
Шара барысында сөз тізгіндеген аудандық білім бөлімінің спорт әдіскері О. Мұсай ұлттық ойындардың пайдасына кеңінен тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың қорытындысы төмендегідей:  "Асық ату" жарысынан жүлделі 1—ші орынды "Арықты ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің ұлдар командасы иеленді. Жүлделі ІІ-ші орынды "Сабынды ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің ұлдар командасы иеленсе,  жүлделі ІІІ-ші орынды "Кеңбидайық ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ—нің ұлдар командасы жеңіске жетті. 
Тартысты додада "Бес асық"  ойынынан I-ші орынды "Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің қыздар командасы иеленді.  II-ші орынды "Арықты ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің қыздар командасы иеленсе,  III-ші орынды "Амангелді ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің қыздар командасы жеңіске жетті. 
"Тоғызқұмалақ"  ойынынан жүлделі I-ші орынды "Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің оқушылар командасы қанжығасына байлады. Жүлделі II—ші орынды Сабынды ауылының жалпы білім беретін мектебі " КММ-ң оқушылар командасы иеленсе, жүлделі III-ші орынды "Кеңбидайық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің оқушылар командасы жеңіске жетті. БАРШАҢЫЗДЫ ЖЕҢІСТЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

               

Просмотров: 3828


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст