Арықты орта мектебі
2017– 2018 оқу жылы
мектепішілік ата-аналар жиналысы
Жиналыстық тақырыбы: Жаңартылған білім беру. Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту. Жиналысқа 50 ата-ана қатысты.
Директордың міндетін атқарушы Сатанова Ш.Қ. ҚР Білім министірлігінің бекітілеген сабақ кестесі, 5күндік оқу туралы және оқу жүктемесі жайлы сөз қозғады.
Мектеп психологы Туребаев А.С. ата-аналармен «Мұғалім мен оқушының қарым-қатыныасы» тақырыбында тренинг өткізді. Әлеуметтік педагок Такеева А.К. ата-аналардың білім саласында болып жатқан жаңалықтарға көз қарастарын білу мақсатында сауалнама алды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша директордың ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасары Такеева М.К. ата-аналарға шығармашылық есебін берді.
Мектепішілік тәртіп туралы тәрбие ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы Исабекова А.Ғ. айтып кетті. Салыстырмалы түрде жүйелі жұмыс көрсетілді. Яғни оқушылардың сабаққа қатысуы және қызығушылығы анықталды.
Мектептің әлеуметтік педагогы Такеева А.К. көп балалы және жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етудің жолдарын көрсетіп, ас мәзірімен таныстырды. Ата-аналар комитетінің төрағасы болып Омарова Қарлығаш тағайындалды.