03.05.17 . Арықты ортамектебінде бейнелеу сабағы, технология, психолог кіріктірілген сабақтан тыс іс-шара өткізді.
Мектеп психологы Омарова Жаңыл Амантайқызы оқушылар мен «Табиғат құбылысы» атты жаттығуын орындатып, аутотренинг «Табиғат аясында» жаттығуы мен елестете отырып бейнелеу пәнінің мұғалімі Сеитова Айгерім елестеткен сурет салуды ұсынды. Психолог оқушылардың салынған суретін қорғап, адам психологиясына пайдасы зор екенін айтты. Жаттығу сабағы ретінде тез жылдам салды да қолөнермен шектестірді.
Мақсаты: Матадан бұйымды көркемдеп тігу шеберлігі. Пішу, тігу, модельдеу өнерінің жетілдірілген әдіс- тәсілдерін меңгерту. Сәндік қолданбалы өнер кәсіби бағытында практикалық дағдылықты, іскерлікті, бейімділікті қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, икем-дағдыларын арттырып, өмірде пайдалануға үйрету. Шығармашылық ой-қиялдарын, эстетикалық талғамын, ұлттық құндылықты рухани құндылықпен ұштастыра білуге баулу.