«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРЫҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ » КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
  КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АРЫКТЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ »

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апаталығының қорытынды есебі

03.05.2017

Арықты орта мектебінде

2016-2017 оқу жылындағы 24-29 сәуір аралығындағы өткізілген

қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апаталығының

қорытынды есебі 

 

     2016-2017 оқу жылындағы 24-29сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апталығы өз жұмысын бастады.

Мақсаты: Оқушылар арасында ҚР Президентінің үш тұғырлы тілді қолдау саясатын кеңінен тарату болды.

    24.04.17 Оспанова Б.У. орыс тілі пәнінен  5 «б» сынып оқушыларымен «Глагол» тақырыбына ашық сабақ берді.

Мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін бекітіп, қорытындылау;

     25.04.17  20 минуттық үзілісте сағат 10:10 - да  «Тіл – жүрек үні» тақырыбында  9-11 сынып аралығында  қабырға газетін қорғау болды.

Мақсаты: Тілімізді ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра ретінде сақтауға тәрбиелеу.

    25.04.17 орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейсенова Ғ.А.  ертегілер әлеміне саяхат ретінде «Устное народное творчество. Сказки» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін бекіту, қорытындылау;

      25.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі Карленова Ғ.Е. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Нурмухамбетова М.М. бірлесіп әдебиет сүйер қауымына «Абай – өлең патшасы» атты әдеби-сазды ұсынды.

Кештің мақсаты: Халқымыздың ғұлама ойшылы ұлы Абайдың өмірі мен шығармаларына терең бойлату;

 26.04.17 20 минуттық үзілісте сағат 10:10 - да тарих пәнінің мұғалімі Кульбаев А.Е.   «Тарихқа тағзым» тақырыбында  5-7 сынып аралығындағы оқушыларымен  мектеп музейіне саяхат жасады.

Мақсаты: Патриоттық тәрбие бере отырып, аулдың тарихымен кеңінен таныстыру;

    26.04.17 ағылшын тілі пәні мұғалімі Тажикенова Ж.О. «Buckingham Palace» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру және сөздік қорын молайту;

    26.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі Карленова Ғ.Е. 7-сынып оқушысы  Әсетқызы Асем «Фольклор шағын жанрының көркемдік әлемі»  және  тарих 

пәні мұғалімі Исабекова А.Ғ.  8-сынып оқушысы Сатбекова Айдана «АЛЖИР тарихы» атты тақырыпқа өз ғылыми жобаларын қорғады.

Мақсаты: 1) Әдебиеттегі шағын жанрдың көркемдік әлемін зерттеу;

2) АЛЖИР тарихына кеңінен тоқталу;

     27.04.17  20 минуттық үзілісте сағ. 10:10 – да қазақ тілі  мен әдебиет пәні мұғалімі Карленова Ғ.Е. 5-7 сынып аралығында қызықты грамматика саласы бойынша  «Ойлан, тап» викторинасын өткізді.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамыту;

    27.04.17   қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қошқарбаева Б.С. 10-сынып оқушыларымен «Балуан Шолақ Баймырзаұлы» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Сал серілер мен әнші-ақындар дәстүрін өзіндік өрнек-нақышына жалғастыру;

   27.04.17  тарих пәні мұғалімі Исабекова А.Ғ. 8-10 сынып оқушыларымен «ЕХРО көрмесінің пайдасы мен зияны» тақырыбына дебат өткізді. Пікір талас қызықты болды.

Мақсаты: Өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу;

   28.04.17 20 минуттық үзілісте тарих пәнінің мұғалімі Исабекова А.Ғ. 5 «Б», 9 «б» сынып оқушыларымен  «Тарихқа тағзым» тақырыбына музейге саяхат өткізді. Мақсаты: Патриоттық тәрбие бере отырып, алудың тарихымен кеңінен таныстыру;

   28.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаев А.С.  С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі бойынша ашық сабақ өткізді. Барлық оқушылар сабаққа белсенділік танытып қатысты. Алға қойылған мақсат: Шығарманың идеясын ашу арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығарманы құрылысына қарай талдау;

     29.04.17 29.04.17 20 минуттық үзілісте сағат 10:10 - да қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің  апталығы өз жұмысын қорытындылады.

Мақсаты: Оқушылар арасында ҚР Президентінің үш тұғырлы тілді қолдау саясатын кеңінен тарату болды.  Апталық аясында белсенді  қатысқан 5-10 сынып оқушыларына  алғыс хат берілді.

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст