Арықты орта мектебінде
2016-2017 оқу жылындағы 24-29 сәуір аралығындағы
өткізілген
қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік
апаталығының
қорытынды есебі
2016-2017 оқу жылындағы 24-29сәуір аралығында қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестік апталығы өз жұмысын бастады.
Мақсаты: Оқушылар арасында ҚР Президентінің үш тұғырлы тілді қолдау саясатын кеңінен тарату болды.
24.04.17 Оспанова Б.У. орыс тілі пәнінен 5 «б» сынып оқушыларымен «Глагол» тақырыбына ашық сабақ берді.
Мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін бекітіп, қорытындылау;
25.04.17 20 минуттық үзілісте сағат 10:10 - да «Тіл – жүрек үні» тақырыбында 9-11 сынып аралығында қабырға газетін қорғау болды.
Мақсаты: Тілімізді ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра ретінде сақтауға тәрбиелеу.
25.04.17 орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сейсенова Ғ.А. ертегілер әлеміне саяхат ретінде «Устное народное творчество. Сказки» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін бекіту, қорытындылау;
25.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Карленова Ғ.Е. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Нурмухамбетова М.М. бірлесіп әдебиет сүйер қауымына «Абай – өлең патшасы» атты әдеби-сазды ұсынды.
Кештің мақсаты: Халқымыздың ғұлама ойшылы ұлы Абайдың өмірі мен шығармаларына терең бойлату;
26.04.17 20 минуттық үзілісте сағат 10:10 - да тарих пәнінің мұғалімі Кульбаев А.Е. «Тарихқа тағзым» тақырыбында 5-7 сынып аралығындағы оқушыларымен мектеп музейіне саяхат жасады.
Мақсаты: Патриоттық тәрбие бере отырып, аулдың тарихымен кеңінен таныстыру;
26.04.17 ағылшын тілі пәні мұғалімі Тажикенова Ж.О. «Buckingham Palace» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру және сөздік қорын молайту;
26.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Карленова Ғ.Е. 7-сынып оқушысы Әсетқызы Асем «Фольклор шағын жанрының көркемдік әлемі» және тарих
пәні мұғалімі Исабекова А.Ғ. 8-сынып оқушысы Сатбекова Айдана «АЛЖИР тарихы» атты тақырыпқа өз ғылыми жобаларын қорғады.
Мақсаты: 1) Әдебиеттегі шағын жанрдың көркемдік әлемін зерттеу;
2) АЛЖИР тарихына кеңінен тоқталу;
27.04.17 20 минуттық үзілісте сағ. 10:10 – да қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Карленова Ғ.Е. 5-7 сынып аралығында қызықты грамматика саласы бойынша «Ойлан, тап» викторинасын өткізді.
Мақсаты: Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамыту;
27.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қошқарбаева Б.С. 10-сынып оқушыларымен «Балуан Шолақ Баймырзаұлы» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Сал серілер мен әнші-ақындар дәстүрін өзіндік өрнек-нақышына жалғастыру;
27.04.17 тарих пәні мұғалімі Исабекова А.Ғ. 8-10 сынып оқушыларымен «ЕХРО көрмесінің пайдасы мен зияны» тақырыбына дебат өткізді. Пікір талас қызықты болды.
Мақсаты: Өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу;
28.04.17 20 минуттық үзілісте тарих пәнінің мұғалімі Исабекова А.Ғ. 5 «Б», 9 «б» сынып оқушыларымен «Тарихқа тағзым» тақырыбына музейге саяхат өткізді. Мақсаты: Патриоттық тәрбие бере отырып, алудың тарихымен кеңінен таныстыру;
28.04.17 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаев А.С. С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі бойынша ашық сабақ өткізді. Барлық оқушылар сабаққа белсенділік танытып қатысты. Алға қойылған мақсат: Шығарманың идеясын ашу арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығарманы құрылысына қарай талдау;
29.04.17 29.04.17 20 минуттық үзілісте сағат 10:10 - да қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің апталығы өз жұмысын қорытындылады.
Мақсаты: Оқушылар арасында ҚР Президентінің үш тұғырлы тілді қолдау саясатын кеңінен тарату болды. Апталық аясында белсенді қатысқан 5-10 сынып оқушыларына алғыс хат берілді.