Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған Қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. 2017 жылдың 1 -МАМЫР күні Арықты орта мектебінде «Татулық - достықтың киелі бесігі»
атты мерекелік іс — шара өтті. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Осы күнде мектептің барлық ұжымы белсене қатысты. Айуы ішінде шеру өткізіп, мектеп аланында концерттік бағдарлама өткізілді.
Әр сынып әр түрлі ұлттардың өзіне тән этностық ерекшелігін және өнерін көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік!