Текст
06.06.2022
6 маусым "Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінде "Бұлақ көрсен, көзін аш" демекші "Табиғатты аялайық" тақырыбында сурет байқауы өтті. Оқушыларға біз жас ұрпақ - табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемә екенін түсіндіру.
06.06.2022
3 маусым "Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінде рәміздер күніне орай "Бұл біздің Туымыз, Бұл біздің Елтаңбамыз" атты салтанатты іс-шара өтті. Еліміздің рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту мақсатында бейнефильм көрсетілді.Отанға деген патриоттық сезімдерін, махаббатарын, намысы мен жауапкершіліктерін арттыру көзделді. Оқушылар үш топқа бөлініп, берілген тапсырмаларға белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.
06.06.2022
"Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінің 2 күні таңғы жаттығудан басталды. Түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбикесі Кикова К.Т. "Тазалық - денсаулық кепілі" тақырыбында балалармен әңгіме жүргізіп, балалардың тазалықтарын қарап шықты. Сонымен қатар, балалар үш отрядқа бөлініп, топтың аты, ұраны, және әнімен танысты.
06.06.2022
1 маусым "Балаларды қорғау күнін" оқушылар жазғы мектепте атап өтті. Балалар ата-аналарымен бірге ойнады. Ән салып, сыйлықтар алды. Жетекшісі: Такеева М.К.
06.06.2022
20222 жылдың 1 маусым күні "Балдаурен" мектеп жанындағы жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті. Бірінші күні лагердің ашылуына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар күн тәртібімен, лагерь өмірінің ережелерімен, тәрбиешілермен танысты.
06.06.2022
"Балалар жылы" аясында 1-маусым "Халықаралық балаларды қорғау" күнін мерекелеу шеңберіне арналған аудандық "Әнші балапан - 2022" байқауына қатысып, мектебіміздің оқушылары жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
06.06.2022
Аудандық білім беру ұйымдарының арасында өткен "Спартакиада - 2022" сайысында мектебіміз жалпы командалық 3 орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
30.05.2022
Құрметті қызмет алушылар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жыл мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында "Ашық диалог" алаңында онлайн нысанда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. htt//m.egov kz/survey сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймын. u
28.05.2022
28.05.2022 жылы Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 9 - сынып оқушылары Қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханын, эссе тапсырды. Оқушыларға сәттілік тілейміз!!!
27.05.2022
5 маусымда өтетін референдумда халық өзінің құқықтық қорғалуының күшеюіне дауыс береді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысынан осы уақытқа дейін халықтың хабарсыз болып келгені жасырын емес. Себебі, бұған дейін ол белгілі бір мемлекеттік органдардың алдында тәуелді болып келеді. Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері күшейтіледі. Құқықтық Қазақстанды қалайтын әр қазақстандықты референдумға қатысуға шақырамыз!