Текст
03.05.2022
Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Қорғалжын аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Т. Ашимова және Қорғалжын аудандық ПБ-нің ЖПҚБ. КТІЖ аға инспекторы полиция капитаны Ә.А. Сайлау кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықты қорғау туралы, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Кездесу барысында хиджаб кию мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектептің медбикесі К.Т. Кикова "Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды.
27.04.2022
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні және 2022 жыл - "Балалар" жылына арналған Қорғалжын БЖСМ спорт бөлімдері арасында өткен волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары жүлделі 1 орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21.04.2022
2022 жылдың 21 сәуірінде «Орыс тілінің білгірлері» интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты: Ойын және ойын-сауық материалы арқылы орыс тіліне қызығушылықты қалыптастыру.
21.04.2022
"Сенім" кәсіби қоғамдастығының онкүндігі аясында "Когда душа во власти денег..." (по повести Оноре Де Бальзака "Гобсек") тақырыбында 10 "А" сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты: «Гобсек» әңгімесінің кейіпкері мысалында мәңгілік мәселелердің бірі – ақшаның адам үстінен билік етуін зерттейді.
20.04.2022
"Сенім" кәсіби қоғамдастығының онкүндігі аясында 5 "А" сынып оқушыларымен "Ай мен Күн" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Мәтінді оқу, мазмұнын түсіну, нақты ақпаратты табады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінің тыныс белгілерін қолданады.
19.04.2022
Құрметті ата - аналар!!! "Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2022 - 2023 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
19.04.2022
"Сенім" кәсіби қоғамдастығының онкүндігі аясында "Әке - асқар тау" атты әкелермен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым - қатынасын нығайту. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру.
19.04.2022
"Сенім" кәсіби қоғамдастығының "Тіл мен тарих - қоғамның көзі һәм тілі" атты онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі Кульбаев Ә.Е. "Құқықтық сана - қоғамға пана" атты оқушылар алдында баяндама оқыды."
Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру.
19.04.2022
"Сенім" кәсіби қоғамдастығының онкүндігі аясында, Жас мамандар арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" сайысы өткізілді.
Мақсаты: Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін түсіндіру.
19.04.2022
"Сенім" кәсіби қоғмдастығының онкүндігі аясында 10 "А" сыныбымен Ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді.
Цели урока: понять правила грамматики: условия и пожелания;